2023 жылдың 12 сәуір күні «Баянауыл ауылының сәбилер бақшасы» КМҚК мекемесінде мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған «Мектепке дейінгі ұйымда заманауи ойындар» тақырыбында педагогтерге арналған аудандық семинар өтті.
Мақсаты: Заманауи ойындар арқылы балалардың танымдық белсенділігін, тілін, ойлау қабілеттерін, шығармашылық қиялын дамыту.
Семинарға Баянауыл аудандық білім беру бөлімінің әдістемелік кабинетінің басшысы Г.Нуртаева мен әдіскер Г. Каримова және аудан бойынша балабақша мен шағын орталықтардың тәрбиешілері қатысты.
Семинар теориялық және тәжірибелік бағыты бойынша өткізілді. Балабақша тәрбиешілері жаңа технологиялардың элементтерін педагогикалық жобалау әрекетіңде қолдану тәжірибесімен бөлісті.
Семинардың ашылуын балабақша басшысы балабақшамен таныстыру рәсімімен бастады. Балабақша психологі А.Шайхина танысу тренингін өткізіп, Б.Муталяпова «Воскобович ойындарының түрлері» атты іс тәжірибемен бөлісті. Тәрбиеші Д.Оразгалиева STEAM технологиясының модулі, «Мен әлемді танимын» шебер сынып өткізді. Тәрбиеші А.Фаменова «Ауаның қасиеттері» тақырыбында іс тәжірибесімен бөлісті.
Балабақша тәрбиешілері: С. Магипратова, С.Багаева, және музыка жетекшісі А. Ибадильдинова балалармен ұйымдастырылған іс-әрекеттер көрсетті.