Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің «Баянауыл ауылының сәбилер бақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына төмендегідей бос лауазымдық орындарға қабылдау бойынша конкурс өткізетінің хабарлаймыз!
Басшының орынбасары маманы (150000 тн.) және Логопед маманы (156000)
Орналасқан жері: Баянауыл ауданы, Баянауыл ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, 4а.
Электрондық почталық мекен жайы:
Телефон: 8(718) 40 91076.
Кандидаттарға қойылатын біліктілік талаптары: жоғары білімді, оқу үлгілік бағдарламаны білулері тиіс.
Құжаттарды қабылдау мерзімі: конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күннен бастап есептеледі.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адамдар келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:
- Конкурсқа қатысу жөнінде өтініш;
- Жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін)
- Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс-парағы (нақты тұрғылықты мекен- жайы мен байланыс телефондары көрсетілген-бар болса).
- Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білім туралы құжаттардың көшірмелері;
- Еңбек қызметін растайтын құжаттын көшірмесі (бар болса);
- «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы №ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
- Психологиялық ұйымнан анықтама.
- Наркологиялық ұйымнан анықтама.
- Ұлттық біліктілік тестлеу сертификаты (бұдан әрі- ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог- сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда). Егер үміткердің педагогикалық еңбек өтілі бола тұра біліктілік санаты болмаған жағдайда және жоғары оқу орнын бітірген жас мамандар үшін «Педагог» санаты бойынша Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты болу міндетті.
- Конкурсқа қатысушы бар болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/акдемиялық дәрежелермен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.