|
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің "Баянауыл ауылының сәбилер бақшасы" КМҚК
КГКП "Баянауыл ауылының сәбилер бақшасы" отдела образования Баянаульского района, управления образования Павлодарской области |
|
|---|
|
20
Қаңтар
2025
|
Павлодар облысының білім беру басқармасы, Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің «Баянауыл ауылының сәбилер бақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына төмендегідей бос лауазымдық орындарға қабылдау бойынша конкурс өткізетінің хабарлаймыз!
Басшының орынбасары маманы (150000 тн.) және Логопед маманы (156000)
Орналасқан жері: Баянауыл ауданы, Баянауыл ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, 4а.
Электрондық почталық мекен жайы:
Телефон: 8(718) 40 91076.
Кандидаттарға қойылатын біліктілік талаптары: жоғары білімді, оқу үлгілік бағдарламаны білулері тиіс.
Құжаттарды қабылдау мерзімі: конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күннен бастап есептеледі.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адамдар келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:
- Конкурсқа қатысу жөнінде өтініш;
- Жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін)
- Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс-парағы (нақты тұрғылықты мекен- жайы мен байланыс телефондары көрсетілген-бар болса).
- Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білім туралы құжаттардың көшірмелері;
- Еңбек қызметін растайтын құжаттын көшірмесі (бар болса);
- «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы №ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
- Психологиялық ұйымнан анықтама.
- Наркологиялық ұйымнан анықтама.
- Ұлттық біліктілік тестлеу сертификаты (бұдан әрі- ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог- сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда). Егер үміткердің педагогикалық еңбек өтілі бола тұра біліктілік санаты болмаған жағдайда және жоғары оқу орнын бітірген жас мамандар үшін «Педагог» санаты бойынша Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты болу міндетті.
- Конкурсқа қатысушы бар болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/акдемиялық дәрежелермен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.
|
16
Қаңтар
2025
|
|
11
Маусым
2023
|
Өзін-өзі бағалау барысындағы оқу-әдістемелік жұмысының қорытындысы
Өзін-өзі бағалау туралы бұйрық
Педагогикалық кеңестің хаттамасы 04.04.2023
Педагогикалық кеңестің хаттамасы 08.05.2023
Заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы анықтама
Басшының тағайындау туралы бұйрық
Ғимараттың жабылуы жөнінде бұйрық
Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту саласындағы қызметті бастау немесе тоқтату туралы анықтама
2021-2022 жылдарға арналған жұмыс жоспары
2020-2021 жылдарға арналған жұмыс жоспары
2022-2023 жылдарға арналған жұмыс жоспары
Үлгілік оқу жоспары 2020-2021 жыл
Үлгілік оқу жоспары 2021-2022 жыл
|
11
Маусым
2023
|



|
11
Маусым
2023
|
2023 жылдың 12 сәуір күні «Баянауыл ауылының сәбилер бақшасы» КМҚК мекемесінде мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған «Мектепке дейінгі ұйымда заманауи ойындар» тақырыбында педагогтерге арналған аудандық семинар өтті.
Мақсаты: Заманауи ойындар арқылы балалардың танымдық белсенділігін, тілін, ойлау қабілеттерін, шығармашылық қиялын дамыту.
Семинарға Баянауыл аудандық білім беру бөлімінің әдістемелік кабинетінің басшысы Г.Нуртаева мен әдіскер Г. Каримова және аудан бойынша балабақша мен шағын орталықтардың тәрбиешілері қатысты.
Семинар теориялық және тәжірибелік бағыты бойынша өткізілді. Балабақша тәрбиешілері жаңа технологиялардың элементтерін педагогикалық жобалау әрекетіңде қолдану тәжірибесімен бөлісті.
Семинардың ашылуын балабақша басшысы балабақшамен таныстыру рәсімімен бастады. Балабақша психологі А.Шайхина танысу тренингін өткізіп, Б.Муталяпова «Воскобович ойындарының түрлері» атты іс тәжірибемен бөлісті. Тәрбиеші Д.Оразгалиева STEAM технологиясының модулі, «Мен әлемді танимын» шебер сынып өткізді. Тәрбиеші А.Фаменова «Ауаның қасиеттері» тақырыбында іс тәжірибесімен бөлісті.
Балабақша тәрбиешілері: С. Магипратова, С.Багаева, және музыка жетекшісі А. Ибадильдинова балалармен ұйымдастырылған іс-әрекеттер көрсетті.





























